Білім байлықтың кені
Бастауыш сынып онкүндігінің өтуіне байланысты "Білім байлықтың кені" атты сыныптан тыс шара өткізілді. Шараға 4 "а" және 4 "б" сынып оқушылары қатысты. Сыныптан тыс шара - сайыс түрінде өтті, оқушылар екі топқа бөлінді (Білім және Ақыл). Сайысымыз 7 деңгейден өтті. Білім тобы жүлдегер атанды. Оқушыларға өте қызықты болды.
Рухани Жаңғыру
Коммунар жалпы орта білім беру мектебі
«Рухани жаңғыру» акциясына байланысты
«Тоғызқұмалақ» ойынының
ақпараты
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2018 жылғы 17 ақпанда мектебімізде тоғызқұмалақ ойыны жоспарланып өткізілді. «Рухани жаңғыру» акциясына мектебіміздің 1-6-сынып оқушылары қатысып белсенділік танытты. Тоғызқұмалақ ойынына 9 оқушы қатысты. Жеңімпаз оқушыларды мадақтама сыйлықтарымен табыс етілді.
Жауапты мұғалім: Токсанбаева А.Б.
«Біз қазақша сөйлейміз»
Коммунар жалпы орта білім беру мектебінде әр сәрсенбі сайын «Біз қазақша сөйлейміз» атты акция жүреді.Осыған орай 2016жыл Тәуелсіздікке арналғандықтан «Желтоқсанның арманы-Тәуелсіздік таңдары» атты іс-шара өтті.Бұл акцияның мақсаты: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу.
Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету.
Оқушылар ойларын қазақша жеткізе білу.
Ұлы жеңістің 70 жылдығына
Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған кездесу кеші
5-мамыр күні Коммунар ЖОББМ-де Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған кездесу кеші болды.Мереке қонақтары тыл ардагерлері, мұғалімдер,мектеп жұмыскерлері,оқушылар болды.Көрермендер назарына оқушылардың қатысуымен концерттік бағдарлама қойылды.
Оқушылар «Катюша», «Идет солдат по городу», «Сарбаздар», «В землянке», «Три танкиста» өлеңін шырқады.
Тыл ардагерлерін педагогтар ұжымының атынан педагог еңбек ардагері Тыналинова Ш.М. құттықтады.Оларға зор денсаулық,ұзақ ғұмыр тіледі.Тыл ардагері Вагнер А.Е. педагогтар ұжымына алғысын айтып,мерекемен құттықтады.
Мерекелік концерттен кейін қонақтарды мерекелік түскі асқа шақырылды.
«Қош келдің, әз-Наурыз!»
2014 жылы 19 наурызда Коммунар орта мектебінде «Қош келдің, әз-Наурыз!» атты мерекелік шара өткізілді. Мерекеге ауылдың еңбек ардагерлері мен қариялары шақырылды. Олар арнайы оқушылар мен мұғалімдер дайындаған ұлттық тағамдардан дәм татып, мерекелік концертті тамашалады