Қазақ тілін оқуға арналған порталдар
Қазақ тілін оқуға арналған порталдар
«Аbai.institute» - 2020 жылғы 18 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында қазақ тілін Қазақстанда және шетелде оқыту және ілгерілету бағдарламасы шеңберінде әзірленген «Аbai.institute» веб-порталы таныстырылды. Бұл-еліміздің азаматтарына, шетелдегі қазақ диаспорасына және шетел азаматтарына қазақ тілін, әдебиеті мен мәдениетін насихаттауға мүмкіндік беретін бірегей жоба. Сондай-ақ, «Аbai.institute» Android және iOS қолдайтын мобильді қосымшада қолжетімді. Жоба Гете институты немесе Пушкин институты негізінде жасалған.
Портал 6 тілде (қазақ, ағылшын, неміс, француз, орыс, түрік, парсы) ұсынылған. Бүгінгі күні порталды пайдаланушылар саны - 20 183 адам.
Сондай-ақ Ресей, Түркия, Франция, Германия, Бельгия, Иран, Моңғолия елдеріндегі қазақ диаспорасы үшін қазақ тілін оқыту курстары өткізілді.
2021 жылы аталған жоба аясында АҚШ, Ресей, Түркия, Франция, Германия, Бельгия, Иран, Моңғолия, Өзбекстан елдеріндегі қазақ тілі оқытушыларының біліктілігін арттыру курстары өткізілді.
Сонымен қатар шетелдегі қазақ диаспорасына арналған қазақ тілін үйрететін әмбебап басылым әзірленді. А1, А2 деңгейлері бойынша басылымның контенті қазақ, орыс, түрік, ағылшын тілдерінде әзірленіп, «Abai.institute» онлайн платформасына орналастырылды.
Жоба аясында Түркия, АҚШ, Ресей, Франция, Германия, Бельгия, Иран, Моңғолия және Өзбекстанда қазақ тілі кабинеттерін ашу арқылы офлайн және онлайн оқыту жүргізілуде.
Жобада «Отандастар қоры» АҚ ерекше рөл атқарады, ол шетелдегі отандастармен жұмысты ұйымдастырады және жоғарыда аталған елдердегі қазақ тілі кабинеттерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.
Портал Android Және iOS қолдайтын мобильді қосымшада қол жетімді.
Қаралым – 182 740.
«Tilqural.kz»- қазақ тілін оқытуға арналған веб-сервис. Сайтта қазақ тілін білмейтін ересектерге А1, А2, В1, В2, С1 деңгейлерінде тіл үйренуге мүмкіндік беретін онлайн-курс бар.
Тіркелгеннен кейін пайдаланушы қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау үшін тестілеуден өтеді. Тестілеу нәтижелері бойынша жүйе оқу курсын ұсынады (5 деңгейдің бірі).
Сайт сөздік қорын толықтыруға, жаңа сөздердің мағынасын түсінуге және оларды күнделікті өмірде қолдануға, еркін оқуға, өз ойын ауызша да, жазбаша да жеткізуге, сөздерді дұрыс дыбыстауға, сөйлемдерді сауатты құрастыруға мүмкіндік береді.
Пайдаланушы жеке кабинетінде орындалған сабақтар бойынша статистиканы көре алады.
Қызметті Android, iOS платформалары арқылы жүктеуге болады.
Қаралым – 93 247.
«Tilmedia.kz»- 2017 жылы құрылған үштілді «Tilmedia.kz» сайты қызықты және тиімді тәсілдер арқылы қазақ тілін үйренуге болады.
Сайт жұмысы мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін насихаттауға, олардың қолданылу аясы мен әдістемесін кеңейтуге бағытталған. Тілдерді оқыту әдістемесі аудио және бейне мазмұнға негізделген.
Сайтта латын және араб графикасы қарастырылған.
Сайт «ақпарат», «қара», «тыңда», «оқы», «сұрақ-жауап» атты 5 блогтан тұрады және онда тіл саясаты саласындағы өзекті мәселелер туралы жаңалықтар, сабақтар, сабақтар, танымдық аудиожазбалар, балалар мен ересектерге арналған бейнероликтер, аудиокітаптар, әдістемелік құралдар, көркем және балалар әдебиеті және т.б. орналастырылған.
Қаралым – 170 749.
«Вalatili.kz»сайты қазақ тілін оқып, дамытқысы келетін үш жастан асқан балаларға, сонымен қатар бала тәрбиесі мен оқытуды жүзеге асырушы тәрбиешілер мен мұғалімдерге, ата-аналарға арналады. Сайт интуитивті іздеу жүйесі мен ыңғайлы навигация жүйесі бар онлайн платформа негізінде жұмыс істейді.
Сайтта баланың өзіндік жұмысына арналған жұмыс парақтары, ұcтаздар мен тәрбиешілерге, ата-аналарға әдістеме парақтары ұсынылған.
Грамматика мен орфографияны үйренуге арналған материалдар, соның ішінде интерактивті әліпби мен ойындар, жас ерекшеліктеріне сәйкес аудиодиктанттар, каллиграфиялық дағдыларды дамытуға арналған тапсырмалар, қосымшалар қарастырылған. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқуға арналған көркем мәтіндер, соның ішінде қызықты әңгімелер, тақырыптық өлеңдер, интерактивке негізделіп жасалған жаңылтпаштар, жұмбақтар мен мақал-мәтелдер топтастырылған.
Мамандардың лингвистикалық мәселелерге қатысты мақалалары, ғылыми еңбектері, сондай-ақ балабақшалар мен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған оқу құралдары мен сабақ жоспарлары жарияланады.
Қаралым – 560 632.
Тілдік сауаттылықты арттыруға бағытталған сайттар
«Emle.kz» -сайты қазақша дұрыс жазу, жұртшылықтың тіл мәдениетін көтеру мақсатында құрылды. Деректер базасында қазақ тілінің өзекті орфографиялық сөздігі, орфография ережелері, осы салаға қатысты ғылыми әдебиеттер бар. Сайттың «Әдеби тіл нормалары» блогында сөз сазы, оның көркем әдебиет пен өмірдегі маңызы, ережелері мен қағидалары берілсе, «Орфография» блогында сөздердің дұрыс жазылу ережелері беріледі. Сондай-ақ кірме сөздер мен терминдік мәнге ие сөздердің бұрынғы және қазіргі жазылу барысындағы айырмашылықтары салыстырмалы түрде көрсетіледі. «Пунктуация» блогында тыныс белгілердің қойылу ретіне байланысты ережелер енгізілсе, «Аббревиатура» блогында қысқарған сөздер, олардың толық атаулары, қысқарылу реті, атаулар мен сөздерді қысқарту барысында басшылыққа алынатын қағидалар мен сүйенетін заңдылықтар келтіріледі. «Мақалалар» блогында осы саладағы ғалымдардың ғылыми мақалалары келтірілген. Оқырман автормен байланысып, мақаланың астына пікір қалдырып, сұрағына жауап ала алады.
Қаралым – 1 500 512.
«Termincom.kz» - сайты Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы терминологиялық комиссия бекіткен терминдерді бірыңғай электрондық базаға үздіксіз енгізу, қазіргі заманғы ғылым, білім, техника және экономика, қоғамдық-әлеуметтік бағыттар бойынша салааралық терминологиялық қорды біріздендіру және жетілдіру мақсатында құрылды.
Бұл терминологиялық лексиканы біріздендіруге, терминологиялық қорды толықтыруға, терминдер мен атауларды қазақ тілінің нормаларына сәйкес реттеуге, терминологиялық атауларды пайдалану тиімділігін арттыру үшін қалың жұртшылыққа арналған ақпараттық құралдың бір түрі.
«Termincom.kz» электрондық сайты «Бекітілген терминдер», «Терминдер хронологиясы», «Қолданыстағы салалық терминдер», «Ойталқы», «Құқықтық-нормативтік база», «Ғылыми-әдіcтемелік негіздер» және «Іздеу» блоктарынан тұрады.
«Бекітілген терминдер» блогында Республикалық терминологиялық комиссиясында мақұлданған терминдер орналастырылса, «Терминдер хронологиясында» терминдердің бекітілу мерзімдері және олардың сөздік ретінде жарық көруінен мәліметтер беріледі.
«Қолданыстағы салалық терминдер» блогында Республикалық терминология комиссиясының мақұлдауымен жарық көрген терминологиялық сөздіктер салынды.
«Ойталқы» айдарында бекітуге ұсынылатын терминдерге қатысты әрбір оқырман өз ой-пікірін қалдыра алады.
«Ғылыми-әдістемелік негіздер» блогында терминжасам мәселелеріне қатысты еңбектер ұсынылып отыр.
Қаралым – 2 901 202.
«Sozdikqor.kz»- әртүрлі салалық сөздіктер мен энциклопедиялардағы сөздермен және тұрақты сөз тіркестерімен, ескірген қазақ сөздерімен, кірме сөздермен, ақпараттық технологиялардың даму кезеңіндегі жаңа технологиялық сөздердің мағынасымен танысуға мүмкіндік беретін алғашқы әмбебап платформа.
Базаға 400 000 сөз, 1 243 850 тілдік бірлік жүктелген.
Порталға 60-қа жуық түрлі салалық сөздіктер мен энциклопедиялар енгізілген. Атап айтқанда, 15 томдық Қазақ әдеби тілінің сөздігі, Абай сөздігі, Ахмет Байтұрсынов энциклопедиясы, қазақ тілінің синонимдер сөздігі, қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі және т.б.
Порталдың іздеу жүйесі арқылы сөздердің анықтамасын, синонимдерін, антонимдерін, омонимдерін, сөздердің фразеологиялық тіркестерде кездесу жиілігін білуге болады.
2021 жылы «синонимайзер» функциясы қосылды, тестілеу кезеңі өткізілуде. Кілт сөздерді дыбыстандыру функциясы бар.
Порталдың мобильді қосымшасын Goolge Play және App Store-дан жүктеуге болады. @Sozdikqor.kz тelegram-бот жұмыс істейді.
Қаралым – 1 042 369.
«Qazcorpora.kz» - қазақ тілі ұлттық корпусының публицистикалық мәтіндерінің кіші корпусы – «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы шеңберінде іске асырылып жатқан жобалардың бірі.
Корпус – белгілі бір тілдегі мәтіндердің электронды түрде жинақталуына негізделген ақпараттық-анықтамалық жүйе. Корпусты құрудың негізгі мақсаты – табиғи тілдік ресурстарды жинау, қалыпқа келтіріп, жүйелендіру, нәтижелерді ұтымды пайдалану үшін тұтынушыларға ұсыну.
Ұлттық корпус – бұл қазақ тілінің бір жүйеге кіріктірілген тілдік материалдарының базасы ғана емес, сондай-ақ виртуалды кеңістікте мемлекеттік тілдің қызмет етуін, семантикалық кеңістігін кеңейту, ақпараттық таралу ауқымын кеңейту, тілдік ресурстарға жаппай қол жеткізу тетігі. Цифрландырылған жүйе түріндегі қазақ тіліндегі мәтіндердің базасын көрсететін осы ақпараттық-анықтамалық ашық жүйе ұлттық тіл тіршілігінің белгілі бір кезеңінде (немесе кезеңдерінде) әдеби тіл стилінің, тілдік қолданудың барлық түрлерін жинақтайды және тұтынушыға ұсынады.
Жоба жетекшісі – филология ғылымдарының кандидаты, доцент Аитова Н. Н., техникалық сүйемелдеу бойынша жетекшісі – М. Бақытқызы. Жоба жұмысына филолог ғалымдар, келесі отандық жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың сала мамандары қатысты:
- А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты;
- Қазақ ұлттық университеті Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ;
- Л. Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті;
- Назарбаев Университеті;
- Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті;
- Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті;
- Баишев университеті;
- «Minialgo» ЖШС;
- «Qazkitap баспасы» ЖШС.
Публицистикалық мәтіндер корпусына «Егемен Қазақстан», «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті», «Түркістан», «Заң» газеттерінде жарияланған мақалалардың электронды көшірмелері енгізілді.
Әлемнің негізгі тілдерінің көпшілігінде өздерінің ұлттық корпустары бар, олар бір-бірінен мәтіндерді ғылыми өңдеудегі толықтығы мен деңгейі арқылы ерекшеленеді.
Қазіргі әлем тілдері ішінде мойындалған корпус – «Британдық ұлттық корпус» (BNC), көптеген басқа заманауи корпустар соған бағытталған. Прагадағы Карл университетінде құрылған чех ұлттық корпусы да ерекше орын алады, Орыс тілінің ұлттық корпусы да қарқынды дамуда.
Ұлттық корпустың мүмкіндіктері:
- тілді ана тілі немесе шеттілі ретінде үйрету үшін қажет (әлемде оқулықтар мен оқу бағдарламалары қазір Корпусқа бағытталған. Кез келген шетелдік, мектеп оқушысы, мұғалім, журналист, редактор және жазушы корпусты қолдана отырып, бейтаныс сөзді немесе грамматикалық форманың қолдану ерекшеліктерін тез және тиімді тексере алады);
- тілдің лексикасы мен грамматикасын, ондағы жүздеген жылдар бойы болған өзгерістерді ғылыми зерттеу үшін қажет;
- ақпаратты іздеуді оңтайландырады;
- ауқымды материалдарды талдау, өңдеуді, статистикалық мәліметтерді алуды оңайлатады;
- қажетті сөздіктерді корпус базасына негізінде құрастыруға болады;
Мәтінге 12-20 параметрлік метабелгілер (мәтін авторы, мәтін тақырыбы, мәтін стилі, жанр, мәтін түрі, хронотоп, дереккөз, басылым мерзімі және т.б.) жасалды.
Алдағы уақытта публицистикалық стильдің басқа да ішкі жанрларын қамту, сондай-ақ басылым кезеңдері бойынша ұлғайту және дереккөздердің атаулары бойынша кеңейту көзделуде.
Ескертпе: сайт 2021 жылы ашылғандықтан, қаралым саны аз.
Ел тұрғындары мен мемлекеттік қызметшілерге құжаттарды сауатты толтыру бойынша үлгілік сайт
«Qujat.kz»- құжаттарды қазақ және орыс тілдерінде сауатты әзірлеу бойынша үлгілер мен нұсқаулықтар берілген электрондық база.
Сайтта іс қағаздарын жүргізу 2-ге бөлінген: «кеңсе» және «кадр» құжаттары, онда құжаттардың жеке үлгілері ұсынылған.
Құжаттарды іздеудің 3 түрі қолданылады: түрі және атауы бойынша және әріп бойынша жүйелі іздеу.
Құжаттардың екі жүзден астам үлгісі (қазақ және орыс тілдерінде) PDF және DOC нұсқаларында қолжетімді.
Құжаттардың үлгілеріне онлайн өзгерістер енгізуге арналған сервис жұмыс істейді.
Сайтта «Құқықтық негіз», «Мақалалар», «Кітапхана», «Терминдер», «Сұрақ-жауап» бөлімдері орналасқан.
Қаралым – 131 558.
Қазақ тілін латын графикасына көшіру барысын сүйемелдейтін сайт
«Qazlatyn.kz»(портал және конвертер) - еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін негізгі ұлттық портал.
Порталдың көпфункционалды конвертері мәтіндерді кирилден латынға және төте жазуға онлайн сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Конвертердің ішкі ядросы (кодтары) «Яндекс переводчик» веб-сервисіне орналастырылып, қазіргі таңда «казахский (латиница)» деген жазумен халықаралық деңгейдегі тілдер қатарына қосылды.
Қаралым: портал – 182 773, конвертер – 1 582 769.
Ономастикалық атаулар жинақталған сайт
«Atau.kz»- ономастика саласындағы сайт.
Сайтқа Қазақстан бойынша көшелердің, мәдениет, білім беру мекемелерінің, түрлі объектілердің атаулары жинақталған.
Сондай-ақ базада Қазақстан Республикасындағы жерлер мен су айдындары атауларының толық тізбесі бар.
Пайдаланушылар объектілерге атау беру ережелерімен, ономастика жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттармен, ұлттық және өңірлік ономастика комиссиялары туралы ақпаратпен, ономастика жөніндегі әдебиеттер тізімімен және зерттеу жұмыстарымен таныса алады.
Қаралым – 246 008.
Мемлекеттік тіл саясатының іске асырылу барысынан хабардар ететін сайт
«Tilalemi.kz»- тіл саясатын жүзеге асыру саласындағы жаңалықтар, лингвист ғалымдардың мақалалары, республикалық конкурстардың, іс-шаралардың ережелері және т.б. орналастырылған портал. Сонымен қатар порталда кітаптар, мультимедиялық бағдарламалар, сөздіктер мен журналдар орналастырылған.
Қаралым – 5 258 045.
ҚАУІПҚА НАЗАР АУДАРЫНЫЗ!!!
Қауіпқа Назар аударыныз!!!
Біраз мерзімнен соң мектепте демалыс басталады. Балаларда бос уақыт пайда боладыі. Электр құралдарын пайдалану кезінде Қауіпсіздік техникасын сақтау ережелерін және басқа да САҚТАЛУҒА тиісті қарапайым мәселелерді білу балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және жарақаттар мен жазайым оқиғалардын алдын алады.
Қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан ауыр зардаптарға – балалардың қаза болуына және зардап шегуіне әкеліп соққан бірнеше қайғылы оқиғаларды мысалға келтірейік:
- 2001-2002 жылдары Павлодар облысында электр тогы соғу салдарынан бес бала қайтыс болды. Барлық жағдайлар балалар трансформатор подстанцияларының бөлмесіне кірген немесе электр тасымалдағыштар желісінің тіреуіне шыққан кезде болған;
- 2014 жыл Баянауыл ауылы. 7 жастағы ұл бала достарымен тығылмақ ойнап жүріп, трансформатор дүңгіршегінің (КТП) төбесіне шығып, кернеуі 10 кВ токөткізгіш шинаны қолымен ұстаған. Нәтижесінде, бала денесінің 15%-н күйік шалып, сол қолы ампутацияланды;
- 2015 жыл, Маңғыстау облысының Бейнеу ауылы. 11 жастағы ұл бала ойнап жүріп, трансформатор қоршауының ішіне кірген. Ток өткізгіш элементтерге жанасқанда, оны ток соқты. Нәтижесінде, баланың екі қолын бірдей ампутациялауға тура келген;
- 2018 жыл. қыркүйек Жаңаауыл а. 12 және 14 жастағы ұл балалар спорт алаңында ойнаған кезде қоршауға шығып жаланаш токөткізгіш элементерге тиді. Нәтижесінде балалар қайтыс болды.
Сонымен үзілді-кесілді:
- Трансформатор және ток бөлетін подстанцияларға өте жақын келуге және жанасуға, ішіне енуге және төбесіне шығуға болмайды;
- Электр тасымалдағыш кәбілдердің және әуе желілерінің жерде жатқан және үзілген жалаңаш сымдарына жақындауға және ұстауға болмайды;
- Бойында электр тогы жүріп жатқан жалаңаш сымдарға жанасуға болмайды;
- Құралдарда немесе сымдарда электр тогының бар-жоғын білу үшін саусақпен тексеруге болмайды;
- Сым оқшаулағыштарға зиян келтірмеу және қысқа тұйықталуды (от шығу) болдырмау үшін оларды есікпен, терезе жақтауларымен қыстыруға, шегелерге бекітуге болмайды;
- Электр өткізгіштер жылу батареяларына, су құбырларына, телефон және радиотрансляция сымдарына жанаспауын бақылап отыру қажет;
- Балалардың розеткалардың жанында ойнауларына, оған шпилькалар мен түйреуіштер тығуына, сымдарды ұстауына жол бермеу керек, өйткені бұл ток соғуына әкеліп соғады;
- Сулы қолмен электр лампочкаларын, тұрмыстық приборларды жағу немесе сөндіру қауіпті. Жанып кеткен лампочкаларды ажыратқышты сөндіріп қойып ауыстыру қажет;
- Корпустарының бойымен ток жүріп тұрған тұрмыстық электр құралдарды («тістейтін» прибор) пайдалануға үзілді-кесілді тыйым салынады. Құралдарды қосқан және ажыратқан кезде штепсель айырын сымнан емес пластмасса колодкасынан ұстау қажет;
- Су қайнататын, ас пісіретін (электр шәйнектер, кәстрөлдер) приборларды желіге құрғақтай қосуға болмайды. Олардың кем дегенде үштен бір бөлігін сумен толтыру керек. Шәйнекке немесе кәстрөлге су құйғанда, олар міндетті түрде токтан ажыратулы болуы қажет;
- Сондай-ақ, приборлардан ажыратылған шнурлар да штепсельді розеткадан ажыратулы болуға тиісті, себебі, оған байқамай жанасқан кезде ток соғуы мүмкін;
- Кез келген тұрмыстық электр құралдарды бір қолмен, мүмкін болса, оң қолмен, және сол кезде су жүретін, газ және жылу құбырларына жанаспай қосу немесе ажырату қажет.
- Өрт шығуын болдырмау үшін, тұрмыстық электр приборларын арнайы тұғырларға (керамикалық, металл, немесе асбестен жасалған) және жылдам жанатын заттардан (перде портьер, дастархан) қауіпсіз қашық жерге орнату қажет.
Осыны балаларыңызға түсіндіріңіз, оларға қарапайым Ережелерді ұқтыру үшін уақытты Бүгін табыңыз, өйткені Ертең кеш болуы мүмкін.
ҚР ЭМ Атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті.
22- наурыз
Фрументьевка жалпы білім беру негізгі мектебінде 22-наурыз мерекесіне арналған «Ұлыстың ұлы күні» атты мерекелік концерт өтті.
Жүсіпбек Аймауытов
Фрументьевка ЖББНМ мектебінде Жүсіпбек Аймауытовтың 130 жыл мерейтойына арналған «Жүсіпбек- жырдың сарқылмас дариясы» атты мектепшілік кеш өткізілді.
Андерсеннің нұршашуы
Бастауыш сыныптар онкүндігі аясында Г. Х. Андерсеннің тамаша сиқырлы ертегілеріне «әдебиеттік бал» арналды. Мерекелік шараның басталуы презинтация болды, оның ішінде Андерсенің қай мемлекетте және қай қалада туылғаны айтылды. Ертегілердің патшасы кішкентай ғажайып сыйлады, яғни оның ертегілерінде сиқырлы ертегілер әлемінде, таңғажайып нәрселерді көруге, ерекше ертегілер кейіпкерлерін, әр түрлі сезімдерге бөленуге болады. «Принцесса на горошине», «Оловянный солдатик», «Дюймовочка», «Русалочка», «Дикие лебеди», «Снежная королева» атты Г. Х. Андерсен ертегілеріндегі кейіпкерлердің монологтарын Фрументьевка мектебінің 1 – 4 сынып оқушылары өздерін талантты әртіс түрінде көрсетті. Викторинада белсенді қатысып, өздерінің сүйікті кейіпкерлерін ашық жіне сазды бейнелеу көрсетті. Вильгельм Яна, Есимбаева Томирис, Жусупов Чингиз жүлделі орындарға ие болды, сонымен қатар «Дюймовочка» және «Снежная Королева» топтары дипломмен марапатталды.
Бастаыш сынып мұғалімі: С.К.Бекжанова С.К.